Рамазан айы алдында Бангладешті қымбатшылық қысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рамазан айы алдында Бангладешті қымбатшылық қысты

06.03.2024

Рамазан айы алдында Бангладешті қымбатшылық қысты. Ел астанасы Даккадағы ең ірі базарда азық-түлік, күнделікті тауар бағасы өскен. Жасымық, пияз және өсімдік майы алдыңғы айға қарағанда 30-40 пайызға қымбаттады.

Таяу Шығыстан келген құрма бағасы да айтарлықтай өскен. Тұрғындар күнкөріс қиындап кеткенін айтып, қынжылады. Базардағы сатушылардың айтуынша, қымбатшылыққа көтерме сауда иелері кінәлі. 170 миллион тұрғыны бар ел онсыз да энергия, азық-түлік бағасының шарықтауы мен валютаның әлсіреуінен туындаған инфляцияны бастан өткеріп жатыр.

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу