«Жазушылар одағының 80 жылдығын атап өту дәл қазір басталып кетті. Шара Алматыдағы Абай ескерткішіне гүл шоғын қоюдан басталды. Бұл тойға елдің әр түкпірінен келген қаламгерлерден бөлек, Түркия, Қытай, Татарстан, Башқұртстан, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Ресей сынды мемлекеттерден де әдебиет қайраткерлері келіп отыр.
Аздан соң Ұлттық кітапханада түрлі шара өтеді. Сондай-ақ, қазақтың әйгілі фототілшісі Сайлау Пернебаевтың «Объективте – Сайлау Пернебаев» атты қазақ қаламгерлеріне арналған фотокөрмесі ашылады. Одан кейін 3000-5000 кітап қойылған кітап көрмесі өтеді. Онда қолжазбалар да бар. Ал, негізгі үлкен салтанатты жиын Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында жалғасады»,-дейді Жанарбек Әшімжан.
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.