Қазақстан жазушылар одағы мен Еуразия ұлттық университеті Абайдың тойын бірлесіп атқармақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан жазушылар одағы мен Еуразия ұлттық университеті Абайдың тойын бірлесіп атқармақ

17.01.2020

Қазақстан жазушылар одағының елордалық филиалы мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Абай мерейтойына қатысты бірқатар шараларды бірлесе атқармақ. Осы мақсатта тараптар 8 баптан тұратын өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Қазіргі кезде Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан жазушылар одағының 27 мүшесі жұмыс жасайды екен. Олар Қазақстан жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қаласы филиалына арнайы келіп, өздерінің кітаптарын сыйлады. Елордада өткен жылдың аяғында ашылған «Жазушылар үйі» енді қала ұстаған қауымның құтты мекеніне айналмақ.  


Хабарламаларға жазылу