Астананың қос театры жүлделі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астананың қос театры жүлделі болды

03.11.2014
Астананың қос театры жүлделі болды

Ақтауда V Орталық Азия мемлекеттерінің халықаралық фестивалі өтті. Осыған орай, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Астана қаласы «Жастар» театрының көркемдік жетекшісі Нұрқанат Жақыпбай, Қ.Қуанышбаев театрының актрисасы Айнұр Бермұхамбетова, «Жастар» театрының актеры Дәурен Серғазин бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды.

«Фестивальге Астана қаласының  үш театры қатысып, екеуі бас жүлдені бөлісті. Айнұр «Үздік әйел рөлі» аталымымен марапатталса, Дәурен «Үздік ер рөлі» аталымына ие болды.  Бұл – үлкен жетістік. Мұндай марапат жатпай-тұрмай еңбектенгеннің нәтижесі. Мұны театрлардың ел алдындағы есеп беруі деп есептеуге болады. Осы фестивальде біздің қазақ театры дамып келе жатқанын дәлелдеді.  Қазылар алқасы тарапынан «қазақ театры алда келеді», деген  пікір де айтылып жатты»,-дейді Нұрқанат Жақыпбай.

«Фестивальға Өзбекстан, Қырғыз елі, Тәжікстан, Башқұртстан, Ресей елдерінен түрлі театрлар келді. Әр мемлекеттен келген мықты театрлардың арасынан біздің театрлардың жүлделі болуы біз үшін үлкен мәртебе»,-дейді актриса Айнұр Бермұхамбетова.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу