«Шаңырақ» студенттер театры Сочиде жүлделі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шаңырақ» студенттер театры Сочиде жүлделі болды

15.05.2018

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Шаңырақ» студенттер театры жақында Сочиден жүлдемен оралды. Осыған орай бүгін театрдың жетекшісі мен актерлері студияда қонақ болып, сапар туралы әсерлерімен бөлісті.

 

«Бұл биыл 9-шы рет ұйымдастырылып отырған дәстүрлі, тәуелсіз театрлар фестивалі. Біз бірінші рет қатыстық. Барлығы бірнеше елден келген 15 театр қатысты. Оның ішінде бірінші орынды біз иелендік.

Әрине, біз «Қыз Жібек пен Төлегенді» қазақ тілінде сахналадық. Себебі ол біздің ұлттық колоритіміз. Сочиліктер болсын, басқасы да ұлттық мәдениетімізге, әнімізге, биімізге, киімімізге қызықты. «Шаңырақ» театрының ерекшелігі – мюзикл қойылымдары. Жалпы үш номинация бойынша жүлде алдық», - дейді қонақтар.

 

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу