Марат Бисенғалиев қазақстандық жас скрипкашыларға шеберлік дәрісін өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Марат Бисенғалиев қазақстандық жас скрипкашыларға шеберлік дәрісін өткізді

03.11.2014
Марат Бисенғалиев қазақстандық жас скрипкашыларға шеберлік дәрісін өткізді

Халық аспаптары музейінің концерт залында өткен шеберлік дәрісіне Астана, Тараз, Ақтау, Омбы және Алматы қалаларынан дарынды студенттер қатысты.

Қатысушылардың басым бөлігі - скрипкашылар арасында өткен халықаралық байқаулардың жүлдегерлері мен лауреаттары, деп хабарлайды Tengrinews.

Ұйымдастырушылар шеберлік дәрісіне өзге қалалардан келген қатысушыларына жол ақысы мен қонуға ақша төлеп беріпті, ал маэстро Марат Бисенғалиев болса гонорардан бас тартты.

Республиканың білім беру мекемелерінің ұсынысымен келіп қатысқан студенттермен қатар шеберлік дәрісіне қалаған адам қатыса алды. Жобаны Алматы қалалық Мәдениет басқармасы мен Raimbek компаниясы бастаған Алматы симфониялық оркестрі достар клубы ұйымдастырды. 

Шара Марат Бисенғалиев жетекшілік ететін Алматы симфониялық оркестрінің Нью-Йорк қаласына гастрольдерінің аясында өтіп отыр. Айта кетейік, 2014 жылдың 12 қарашасында классикалық музыка орындауда әлемнің ең беделді деп саналатын Карнеги-холл сахнасында «Абай» және «Шәкірім» сюиталарының таныстырылымы болады.

«Абай» мен «Шәкәрім» шығармаларының авторы - британ композиторы, Таңдаулы орденінің командоры Сэр Карл Дженкинс. Маэстро бұл шығармаларды жазуға аса жауапкершілікпен кірісіп, Қазақстанға арнайы келіп, көшпенділер еліндегі музыкалық ортаны, қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын зерттеді.

Фото: Фото: Ярослав Радловский

Хабарламаларға жазылу