Михаил Соловьев пен Константин Фролов қызметтен кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Михаил Соловьев пен Константин Фролов қызметтен кетті

02.11.2014
Михаил Соловьев пен Константин Фролов қызметтен кетті

Қазақстан Футбол федерациясының Астанадағы кеңсесінде бас хатшы Аллен Шәйжүнісовтың басшылығымен бапкерлер кеңесінің отырысы өтті. Онда жасөспірімдер құрамаларының аға бапкерлерлері Михаил Соловьев және Константин Фроловпен еңбек келісімшартын үзу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Қазақстан Футбол федерациясының ресми сайты хабарлады.

Бапкерлер кеңесінде жаттықтырушылардың баяндамалары тыңдалды. Жастар құрамасының аға бапкері Саулюс Ширмялис турнирлік мақсаттарды орындап, U-21 командадан ұлттық құрамаға бірден бес футболшы жіберіп, өз міндетін тыңғылықты орындады. Оның жұмысы «жақсы» деп бағаланды. 

Ал U-17. U-19 командалары тапсырманы орындай алмағандықтан, жасөспірімдер құрамаларының жаттықтырушылары Константин Фролов пен Михаил Соловьевті қызметтерінен босатуға тура келді.

Хабарламаларға жазылу