«Барыс» 4:3 есебімен «Юградан» басым түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Барыс» 4:3 есебімен «Юградан» басым түсті

29.01.2014
«Барыс» 4:3 есебімен «Юградан» басым түсті
«Барыс» клубы Континентальді хоккей лигасы аясында «Югра» клубымен кездесіп, 4:3 есебімен жеңіске жетті. Ойын басталысымен шабуылға шыққан айдын иелері 49-шы секундта есеп ашты.
 
Константин Руденко бастаған шабуылды Николай Антропов қостап, Роман Старченко түйіндеді. Алғашқы жиырма минуттықтың соңында Никита Гесув таразы басын теңестіріп үлгерді.
 
Алайда, екінші кезеңде «Барыс» сапынан Михаил Рахманов, Николай Антропов, Брэндон Боченский мергендігімен көзге түссе, оған қонақтардан Артем Булянский бір шайбамен жауап қайтарды.
 
Шешуші кезеңде Булянский тағы бір шайба соққанымен, «Юграның» одан арыға шамасы жетпеді. Қорытынды есеп - 4:3. «Барыс» келесі кездесуін ақпан айының 26-шы жұлдызында «Атлантамен» өткізеді.

Хабарламаларға жазылу