2015 жылы Шығыс Қазақстан облысында өнімділігі жылына 100 миллион жұмыртқаны құрайтын құс фабрикасы пайдалануға беріледі.
Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қытайлық «Сан Бао» сауда-өндірістік корпорациясының президенті Кан Хапинмен кездесуінде айтты, деп хабарлайды strategy2050.kz.
Тараптар өндіріс орнының құрылысы туралы ресми келіссөз жүргізді.
Фабрика аз уақыт ішінде Ұлан ауданының Айыртау ауылында бой көтермек.
«Біз корпорацияның жұмыс істеуіне барлық жағдай жасаймыз. Екі тарап та құс фабрикасының ертерек салынуына мүдделі», - деді Б. Сапарбаев.
«Құрылыс алты ай ішінде, ал, екіжақты келісімді жасақтау қыста аяқталады. Сіздерге жобаны бірге жүзеге асыруға келіскендеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз», - деді «Сан Бао» корпорациясының президенті Кан Хапин.