Ақсуда құс фабрикасы іске қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақсуда құс фабрикасы іске қосылады

29.10.2014
Ақсуда құс фабрикасы іске қосылады

Ақсу ауылдық аумағында моноқалаларды дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында бройлер етін өндіретін құс фабрикасын іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Жобаның жалпы құны - 3,2 млрд. теңге, оның ішінен игерілгені – 2,4 млрд. теңге. Өндірістік қуаты – жылына 8 мың тонна ет. Қазіргі таңда инкубатор, тоғыз құс қорасы, сою және тоңазыту, жемдеу цехтарына арналған жабдық монтажы аяқталды. Сондай-ақ, ет-сүйек ұнын өндіруге арналған технологиялық жабдықтың монтажы да мәреге жетіп қалды. Құс фабрикасының ашылуымен 240 жаңа жұмыс орны құрылады», - деді облыстық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Т. Шәріпов.

Хабарламаларға жазылу