«Еліне ұран болған Ер Жәнібек» атты халықаралық прозалық шығармаларға арналған байқаудың нәтижесі шықты.
Байқауды бағалау комиссиясында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Дидахмет Әшімхан, Қазақстанның мәдениет қайраткері және М. Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты, «Ақиқат» журналының бас редакторы, ақын Аманхан Әлім, көрнекті ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Жәркен Бөдешұлы, ақын, ұстаз Мұрат Шаймаранұлы бар. Әділқазылар алқасының төрағасы филология ғылымдарының докторы, профессор, жазушы Кәкен Қамзин.
Бас жүлде - Қанат Әбілқайырдың «Қарға тамыр» әңгімесі лайық деп танылса, бірінші орын - Мұрат Алмасбекұлының «Үш бейіт» әңгімесіне берілді. Ал, екінші орын - Ұлан Бапайдың «Алтайдан биік асқар бар» әңгімесіне және Мейіржан Әуелханұлының «Арыстан көл» әңгімесіне берілді.
Үшінші орын иегерлері: Айгерiм Амалбеkова - «Еліне ұран болған Ер Жәнібек» (әңгіме); Бақытбек Қадырұлы – «Кері түс»(әңгіме); Сарқытқан Қастер – «Ер Жәнібек көзіндей ескі сандық»(эссе);
Сондай-ақ, арнайы жүлде иегерлері: Қойшыбек Мүбарак – «Бөрілі көш»(әңгіме); Бәтима Ахметова – «Әулие бұлақ» (әңгіме); Абылайхан Есімбай – «Еліне қорған болған Ер Жәнібек» (әңгіме); Қуаныш Қаппас – «Алтайда арман көп» (әңгіме) Саодат Ордашева – «Қан майданда қайтыс болған қарғашым»(әңгіме).
Байқаудың салтанатты марапаттау рәсімі қараша айының басында өтеді.