«Ел қорғаған Ер Жәнібек» халықаралық айтысында бас жүлдені Еркебұлан Қайназаров алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ел қорғаған Ер Жәнібек» халықаралық айтысында бас жүлдені Еркебұлан Қайназаров алды

18.06.2014
«Ел қорғаған Ер Жәнібек» халықаралық айтысында бас жүлдені Еркебұлан Қайназаров алды
 
Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Ер Жәнібек Бердәулетұлының 300 жылдықмерейтойына арналған «Ел қорғаған Ер Жәнібек» атты халықаралық айтыс өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 
Айтысты «Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры және Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы бірлесіп ұйымдастырған.
 
Айтыстың бас жүлдесі – «КІА» автокөлігін Еркебұлан Қайназаров жеңіп алды, ал 1-орынды павлодарлық Аспанбек Шұғатаев еншіледі. 2-орын жас ақын Мейірбек Сұлтанхан мен қытайлық қандасымыз Анаргүл Бәделханның қанжығасына байланды.
 
Жыр додасында 3-орынды Мақсат Аханов пен Қарлығаш Әубәкірова иеленді.

Хабарламаларға жазылу