2015 жылы Елордада «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша үш тұрғын үй кешені тапсырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2015 жылы Елордада «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша үш тұрғын үй кешені тапсырылады

31.10.2014
2015 жылы Елордада «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша үш тұрғын үй кешені тапсырылады

Келесі жылы Астанада «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша үш көп пәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталады. Астана қаласы Құрылыс басқармасының хабарлауынша, жалпы ауданы 48,4 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй кешендері мына мекенжайлар бойынша орналасқан:

- Брусиловский, Иманов және Жұбанов көшелерінің ауданында, жалпы ауданы 11,9 мың шаршы метрлік 272 пәтер;

- Тілендиев даңғылының оңтүстігінде Сарыбұлақ өзенінің бойында жалпы ауданы, 14,6 мың шаршы метрлік 295 пәтер;

- Тілендиев даңғылының оңтүстігінде Сарыбұлақ өзенінің бойында, 22,9 мың шаршы метрлік 530 пәтер.

Осылайша, 2015 жылы 1 097 елордалық отбасы жаңа пәтерге қоныстанады. Бүгінгі таңда мемлекеттік бағдарламаны одан әрі жүзеге асыру үшін ведомствода тағы да 5 тұрғын үй кешенінің құрылысын бастау үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.

 

 

Хабарламаларға жазылу