Елордада «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша жыл соңына дейін 5 тұрғын үй кешені тапсырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша жыл соңына дейін 5 тұрғын үй кешені тапсырылады

12.11.2014
Елордада «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша жыл соңына дейін 5 тұрғын үй кешені тапсырылады

Қазіргі кезде Астанада «Қолжетімді баспана - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатыр. Қазіргі кезде бағдарлама аясында жалпы ауданы 130 мың шаршы метрді құрайтын 2 671 пәтерлік сегіз тұрғын үй салынып жатыр. Бұл туралы Құрылыс басқармасы хабарлады.

Соның ішінде 1 574 пәтерлік бес тұрғын үй кешенін пайдалануға беру жоспарланған.

Бұдан басқа, 2015-2016 жылдары пайдалануға берілетін 1135 пәтерлік 8 тұрғын үйдің құрылысы басталды.

Бағдарламаны іске асыру аясында Астанада жалпы ауданы 84,06 мың шаршы метрді құрайтын 1 581 пәтерлік жеті тұрғын үй тапсырылса, 2015 жылы жалпы ауданы 108,4 мың шаршы метрді құрайтын 1 937 пәтерлік 10 тұрғын үй салынды. 

Хабарламаларға жазылу