Жолаушылар пойызында балағат сөздер айтып, қоғамдық орында бұзақылық жасағаны үшін ер адам жазаланды.
«Маңғыстау-Астана» бағытындағы пойызға отырған бұзақы ішіп алып, жолаушылардың мазасын қашырған.
Сот барысында құқықбұзушы бар кінәсін мойнына алды. Оған 5,5 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Ақтөбе облыстық соттың баспасөз қызметі.