Жерді игермегендер айыппұл төлейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жерді игермегендер айыппұл төлейді

20.02.2019

Түркістан облысында 215 мың гектардан астам жер игерілмей бос жатыр. Өкініштісі сол, қараусыз қалған аумақтың дені - шөбі шүйгін жайылым мен ағын суы мол егістік алқап. Соның басым бөлігі Созақ ауданында.

Облыстағы Жер қатынастары басқармасының мәліметінше, теріскейде 16 мың гектар алқап қараусыз қалған. Сонымен қатар, табиғаты тамылжыған Түлкібас пен Қазығұрт аудандарында да мақсатына сай игерілмей қалған жерлер жеткілікті. Былтыр түгендеу жұмыстарын жүргізген мамандар жалқау жер иелеріне ескерту жасап, олардың қарауындағы 14 мың гектар алқапты кері қайтарып алған. Осындай жайттарды болдырмау үшін енді жерді құр иемденіп алып, оны пайдаланбай жүргендерге айыппұл салынбақ.

Серік Тұрбеков, облыстық Жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары:

- Пайдаланылмай жатқан жерлерге мемлекеттік салық өседі. Бұл - халықтың жері. Оны пайдалану керек, болмаса қайтарып береді. Сол үшін өте маңызды. Жер бір азаматтың қолында кетпеуі керек.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу