Ауданға жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Сергей Кулагин осы салтанатты шараға қатысып, 45 отбасыға жаңа пәтердің кілтін өз қолымен тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Табиғат апатынан зардап шеккендерге көмек көрсету бұл маңызды шаруа. Сондықтан мұндағы барлық іс-әрекет Елбасының бақылауында. Осынау қиын кезде қол ұшын созған Үкіметке ақмолалықтар атынан алғысымды білдіремін. Зардап шеккендердің барлығына әкімдік тарапынан тиісінше көмек көрсетілетін болады», деді аймақ басшысы.
Сонымен қатар, ол алдағы уақытта көктемгі су тасқыны қайталанбауы үшін алдын алу жұмыстарын қазірден ерте бастау қажеттігін де атап өтті.