Қазақстанға ресми сапармен келген Азиз Хасанович қазақ халқының қонақжайлылығына ризашылығын білдіріп, алғысын айтты. Хорватия мемлекетінде Ислам дінінің ресми мойындалғанына келесі жылы 1 ғасыр толуына байланысты республика көлемінде мерейтой ұйымдастырылатынын жеткізген Мешихат төрағасы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын сол мерекелік шараға шақырды.
Кездесу соңында қазақ елінің ежелгі дәстүрімен қонақтарға шапан жабылып, кәде сыйлар тарту етілді. «Сыйға сый» ұсынған Азиз Хасанович әлемдегі ең алғашқы автоқалам осы хорваттар елінде жасалғанын айта келіп, Серікбай Оразға хорват елінде жасалған қаламды сыйға тартты.
Кездесуден соң Хорват елінің дін басшысы «Әзірет Сұлтан» мешітін тамашалады. Құлшылық ордасының әсем сәулетті құрылысы мен қасиетті Құран Кәрімнің сирек кездесетін нұсқаларымен танысқан Азиз Хасанович өз таңданысын білдіріп, мешіт ұжымының жұмысына жеміс тіледі, деп жазады muftiyat.kz.