Астанада «Media EXPO-2014» көрмесі өтті (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Media EXPO-2014» көрмесі өтті (ФОТО)

30.10.2014
Астанада «Media EXPO-2014» көрмесі өтті (ФОТО)

Бүгін Астанада «Media EXPO-2014» ҚР бұқаралық ақпарат құралдарының III республикалық көрмесі өтті. Іс-шара ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің қолдауымен Бас редакторлар клубы қоғамдық бірлестігі тарапынан ұйымдастырылды.

Көрмені ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова  және ҚР Инвестициялар және даму министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев құттықтау сөзбен ашты.

Шараға сонымен қатар, ҚР елшіліктердің қызметкерлері, Парламент депутаттары, ұлттық компаниялардың баспасөз хатшылары, халықаралық ұйымдар, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым мен журналистер қатысты.

«Media EXPO» көрмесінің басты мақсаты – ақпараттық қоғам орнықтыруға жағдай жасау және отандық ақпараттық кеңістіктің арасында салиқалы бәсекелестікті дамыту, сонымен қатар, таныстырылым және тұтынушылармен тікелей келіссөз жүргізуге қолайлы жағдай ұсыну.

Шара аясында жетекші республикалық және өңірлік БАҚ-тың таныстырылым алаңдары болды. Сонымен қатар, қатысушылардың ең үздік жобалар таныстырылымы мен үздік жаңа телевизиялық маусымының өнімдері назарға ұсынылды.

Сондай-ақ, Бас редакторлар клубының пікірталас алаңында «Ой қуаты: қазіргі отандық БАҚ-та жаңа технологиялар» және «Отандық медиалық өнім жасау, басыбайлы өндіріс, отандық контент: өткір проблемалар, оң шешімдер, жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында талқылау өтті.

Хабарламаларға жазылу