Алдағы уақытта Астана қаласында жаңа 3 кадет сыныбы жұмысын бастамақ.
Бұл туралы Астана қаласы Білім басқармасының бастапқы әскери дайындық жөніндегі әдіскер, қалалық Әскери-спорттық клубтар федерациясының төрағасы Сергей Шарыпов мәлімдеді.
Оның айтуынша, мектептерде бастапқы әскери дайындыққа (БӘД) бөлінген сағаттардың қысқартылуына байланысты оқушылардың қосымша білім алуына баса назар аударылуда.
Әскери-спорттық клубтар болашақта өмірлерін әскери күштермен байланыстырғысы келетін балаларға арналған.
Астанада қазіргі кезде 41 әскери-спорттық клуб бар. 2015 жылға қарай әскери клубтар Балалар үйлері мен кешкі мектептерді де қамтитын болады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.