Германия Қазақстанмен өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға ниетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германия Қазақстанмен өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға ниетті

28.10.2014
Германия Қазақстанмен өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға ниетті

ҚР Германиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Баден-Вюртемберг федералдық жеріндегі Карлсруэ округінің Эттлингер және Штутензее қалаларына жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында қазақстандық дипломат Карлсруэ қаласының бургомистрі Кристоф Шнаудигалмен, Эттлингер қаласының бургомистрі Томас Федроумен, Штутензее қаласының бургомистрі Клаус Демальмен, Обердердингер қаласының бургомистрі Томасом Новицкимен, сондай-ақ аймақтық Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Роберт Хубермен екі жақты кездесу өткізді.

Кездесу барысында немістер Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына жоғары баға бере отырып, екі елдің қалалары арасында серіктестік орнату арқылы аймақтық қарым-қатынас орнатуға қызығушылық танытты.

Карлсруэ Сауда-өнеркәсіп палатасының басшылығы 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында Астанада «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесі мәтінінде «Энергетика және энерготиімділік» тақырыбында Қазақстан экономикасының тұсаукесерін өткізуді ұсынды.

Сондай-ақ, Болат Нүсіпов сапар аясында «Rotech», «Pipetronix GmbH», «Blanco» компанияларының өнеркәсіп цехтарында болып қайтты.

Хабарламаларға жазылу