Көкшетаудағы перинаталдық орталықта өрт болып, 72 адам қауіпсіз жерге шығарылды.
Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.
Өрт 27 қазан күні, сағат 17:51 шамасында болған. Қауіпсіз жерге шығарылғандардың 37-і – бала.
Жалынды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 30 адам мен 6 өрт сөндіру техникасы тартылды. Зардап шеккендер жоқ.