Аң атаулының ішінде аңғалдау көрінгенімен аюдың аты – аю, жыртқыштың аты – жыртқыш. Дегенмен, «аюға намаз үйреткен таяқ», демекші бүгінде бұл аңдарды хайуанаттар бағынан, цирктен жиі кездестіреміз.
Цирк әртісі Михаил Иванов өзінің қарамағындағы аюды даладан тауып алғанын айтады. Әрі ол кезде аюдың аяғы жараланған екен.
«Бұл аюларды бірден қолға үйрету оңайға түспеді. Өйткені, олар хайуанаттар бағында туып, не сол жерде өспеген. Жыртқыш деген аты тағы бар. Ал, мінезін түсіну өте қиын. Шабуыл жасаған кездері де болды. Біз сол себепті, аузын үнемі байлап қоямыз. Тек тамақ берерде ғана шешеміз»,-дейді әртіс.
Аюлардың әр қимылы еріксіз күлкі шақырады. Тіпті, бір қарағанда мейірімді болып та көрінеді. Алайда, маңына адам жолатпайды. Тек үйретушісінің тілін алып, соған ғана бағынады.
«Аюлар қызғаншақ келеді. Мысалы, менің жаныма біреу келіп отырса, аю ақырып қоя береді. Ал, босатып жіберсең, жанымдағы адамды тырналап, жарақаттауы мүмкін»,-дейді Михаил Иванов.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.