Алматы көшелерінде жануарлар шеруі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы көшелерінде жануарлар шеруі өтеді

20.07.2015
Алматы көшелерінде жануарлар шеруі өтеді

24 шілде күні Алматыда жануарлар шеруі өтеді. Бұл туралы қалалық Мәдениет басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Мәдени шара Қазақ циркінің құрылғанына 45 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.

Күндізгі сағат 11:00-ден 12:00-ге дейін экзотикалық жануарлар, үйретілген аюлар, сайқымазақтар, өзге де цирк өнерпаздары Алматы көшелерін аралап өтпек. Арена «жұлдыздары» Абай көшесінен шығыс бағытқа қарай Сейфуллин көшесіне дейін барып, қайтадан Әуезов көшесіне оралады. Жануарлардың мерекелік шеруін барлық қала тұрғындары тамашалай алады.

Қазақ циркінің мерейтойына әлемнің атақты өнерпаздары, экзотикалық жануарлар - түйеқұс, қолтырауын, келес (алабажақ кесіртке), жылан тәрізді жануарлар қатысады. Цирк ұжымы алматылықтар назарына мерейтойлық «13 ғажайып» бағдарламасын ұсынып отыр. 

Қала тұрғындары әлем өнерпаздарының қойылымдарын 18 шілдеден 23 тамызға дейін тамашалай алады.

Хабарламаларға жазылу