Астанада «Құлмамбеттің құлыны» атты республикалық жас ақындар айтысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Құлмамбеттің құлыны» атты республикалық жас ақындар айтысы өтті

24.10.2014
Астанада «Құлмамбеттің құлыны» атты республикалық жас ақындар айтысы өтті

Құйрықты жұлдыздай ағып өткен тума талант Оразалы Досбосыновтың дүниеден озғанына 10 жыл толды. Осыған орай кеше Астанада Л.Н.Гумилев атындағы  Еуразия Ұлттық университетінде «Құлмамбеттің құлыны» атты республикалық жас ақындар айтысы өтті.

Айтысқа еліміздің әр түкпірінен 20-ға жуық ақын қатысты. Олардың ішінен іріктелген 12 ақын финалға жолдама алды. Жыр додасына ақынның достары, аға-бауырлары келіп, айтыскердің өнері мен өмірінен сыр шертті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, айтыс қорытындысында 1-орынды астаналық Таңжарық Ержанұлы мен ақтөбелік Данияр Алдаберген бөлісті.

«Біздің буыннан да, бізге дейінгі немесе бізден кейінгі буын болсын, Ораз ақынмен деңгейлес ешкім жоқ. Бұл асыра сілтеу, мақтау емес, шындығында солай. Ол – үлкен ақын еді»,-дейді айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева.

«Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу