Петропавлда 2542 зейнеткерге, мүмкіндігі шектеулі және тағдыр тәлкегіне ұшыраған жандарға 16 миллионнан астам теңгеге материалдық көмек көрсетілді.
Бұл туралы қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы Сара Тасеменова хабарлады.
«Ардагерлердің мәселелерін шешуде әкімдік жанынан құрылған кедейшілікті жою және халықты әлеуметтік қорғау комиссиясы маңызды рөл атқарады. Ағымдағы жылдың өзінде 1 мыңнан астам азаматқа отын сатып алуға қолдау ретінде 15 миллион теңгеден астам қаражат берілді.
Біздің ұйымдастырып жүрген шараларымыздың ішінде Қарттар күні мен Жеңіс күніне арналған сенбіліктер үлкен демеу болды. Кәсіпорын табысының 50 пайызы өздерінің зейнеткерлеріне қалса, екінші жартысы қаладағы ардагерлерге көмектесу үшін бөлінетін болды», - деп атап өтті С. Тасименова.
strategy2050.kz