Астанада Қазақстанның ДСҰ-на ену тақырыбына қатысты семинар өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Қазақстанның ДСҰ-на ену тақырыбына қатысты семинар өтті

23.10.2014
Астанада Қазақстанның ДСҰ-на ену тақырыбына қатысты семинар өтті

Астанада Жергілікті қамтуды дамыту агенттігінің (ҚР ИДМ) Ислам Даму банкімен бірлесе отырып ұйымдастыруымен  «Қазақстанның ДСҰ-на ену аясында жергілікті қамтуды дамыту» тақырыбында семинар өтті. Семинарға Нидерланд, Австралия, Мексика, Нигерия және  Сауд Арабиясынан сарапшылар келді.

Сондай-ақ, семинар жұмысына мемлекеттік органдардың, даму институттарының, қауымдастықтар мен отандық кәсіпорындардың өкілдері қатысты.

Жергілікті қамтуды дамыту саласындағы халықаралық мамандар Нигерия өнеркәсібіндегі жергілікті қамту міндеттемелері туралы айтып, мемлекеттік органдардың және мемлекеттің 100 пайыз қатысуы бар ұлттық компаниялардың сатып алуында жергілікті қамту саясатын қолдану туралы Еуропа елдерінің және АҚШ-тың, Малайзияның және т.б. елдердің тәжірибесімен бөлісті.                                       

Хабарламаларға жазылу