Отандық өнімдерді экспортқа шығару жолдары жеңілдейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық өнімдерді экспортқа шығару жолдары жеңілдейді

05.03.2019

Еуразиялық Экономикалық Одақ елдері арасында жаңа ереже енгізіліп жатыр. Құжат одаққа кіретін 5 елмен қатар, кез келген мемлекетке тауарларды еркін тасымалдауға мүмкіндік береді. Яғни, техникалық кедергілер жойылады.

Бүгін Астанада стандарттау саласындағы өзгерістер мен толықтыруларға қатысты семинар өтті. Онда осы тауар экспортына қатысты қабылданған жаңашылдықтар жайы талқыланды.

Еркежан Әмірханова, Қазақстанның стандарттау және сертификаттау институты бас директорының орынбасары:

- Бұл - өте маңызды мәселе. Сертификат тауарды сыртқа шығару барысында қиындықтарға тап болмау үшін қажет. Яғни, өнімдерді емін-еркін тасымалдауға мүмкіндік береді. Құжат осы мәселелерді қарастыруда.

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу