«Менің тағдырым – би» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Менің тағдырым – би»

23.10.2014
«Менің тағдырым – би»

Қазақтың тұңғыш кәсіби биші қызы - Шара Жиенқұловаға би құдіреті бала кезден дарыған, Сондықтан, әкесі Баймолда қызының бойынан алғырлықпен қатар өнер ұшқынын байқап, арнайы қытай бишісін жалдап, баласына би өнерінің алғашқы нышандарын үйретеді.

Алатаудың баурайындағы қырғыз-қазақ жеріндегі Көкайрық деген жайлауда болған той-томалақтың бірінде орта бойлы ер адамның би билеуі Шараны қатты қызықтырады. Осыдан кейін Шара  домбыра, сырнай тартылса билей жөнелетін. Ондайда ағайын-тума «Баймолданың қызы биші болайын деп тұр» деп таңдай қағысатын.

Оның орындауындағы қазақтың күлдіргі әндеріне құрылған «Молдабай»,  «Жариям-айдай», «Бүркітші», «Сауыншы жеңгей», «Шахтер» тағы басқа би үлгілері  теңдессіз қайталанбас дүниелер еді.

Әлем халықтарынан: үндінің, өзбектің, испанның, сығанның, әзербайжанның, грузиннің, жапонның, корейдің, монғолдың билерін орындады. Әр ұлттық тілін ғана үйренбей, костюм кию мәнерін, жүрісін, дауыс ырғағын да келістіре салды.

Бүгін 14.00-де Ұлттық арнадан «Ұлт мақтанышы» деректі фильмін көріңіз. Хабар бүгінгі бөлімін Шара Жиенқұловаға арнайды.

Хабарламаларға жазылу