Елордада «Менің түс әлемім» атты көрме өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Менің түс әлемім» атты көрме өтуде

22.11.2018

«Менің түс әлемім». Дәл осындай атауды арқау еткен көрме бұл күндері елорда төріндегі Тәуелсіздік сарайында өтіп жатыр. Көрменің авторы суретші Қайрат Жәйірбекұлы. Қоғамға ой салатын, тәрбиелік мазмұны терең, өзіндік мәнері бар шығармалар көптің көңілінен шықты. Оның ішінде карикатура жанрына ерекше басымдық берілген. Бұл жанр өмірдегі жағымсыз құбылыстарды, келеңсіздіктерді ашып көрсетіп, қоғамды онымен күресуге, кемшіліктерді түзетуге үндеді. «Жалпы, шығармаларыма менің тағдырым, Отаныма деген махаббатым, көңіл-күй тебіренісім, тіршілік дағдысы, қазақтың байтақ даласының әсем көрінісі арқау болған», - дейді суретші. 

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу