ЕХРО-2017 қонақтары үшін ақпараттық кітапша шығарылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕХРО-2017 қонақтары үшін ақпараттық кітапша шығарылады

22.10.2014
ЕХРО-2017 қонақтары үшін ақпараттық кітапша шығарылады

Бұл - ЕХРО-2017 халықаралық мамандандырылған көрме қонақтарына арналған елорда туралы ресми ақпараттық кітапша. 

Астана қаласы әкімдігінің жанындағы ЕХРО-2017 көрмесіне дайындық және оны өткізу дирекциясының хабарлауынша, басылымның бірінші саны жарты жылдан кейін жарық көрмек, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Туристер «Astana Official Guide» басылымы арқылы қаланың көрікті жерлерімен, астаналықтардың мәдени және іскерлік өмірімен таныса алады.

Сондай-ақ, кітапшада шетелдік қонақтарға арналған мәдени, ойын-сауық нысандары, денсаулық сақтау және білім мекемелері туралы мәліметтер жарияланбақ.

Хабарламаларға жазылу