Оңтүстік өңірде «Дархан» заставасы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік өңірде «Дархан» заставасы ашылды

20.10.2014
Оңтүстік өңірде «Дархан» заставасы ашылды

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «Оңтүстік» өңірлік басқармасының «Сарыағаш» шекара отрядына қарасты «Дархан» заставасы ашылды.

Салтанатты шараға Парламент Сенатының  депутаттары мен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің өкілдері қатысты, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Шарада Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Жоламанов шекараны дамыту мен нығайту бойынша жүргізіліп жатқан  жұмыстарға тоқталды.

Соңғы бір жылдың ішінде шекара бойында 20 инфрақұрылым пайдалануға беріліп, 26 нысан толық жөндеуден өткізілген. Сондай-ақ, 1000-ға жуық әскери қызметкер тұрғын үймен қамтамасыз етілген.  

«Бүгінгі қол жеткен табыстармен тоқтап қалмаймыз. Жыл соңына дейін тағы да бірнеше кешен ашылатын болады», - деді комитет төрағасының орынбасары.

Салтанатты шара соңында қонақтар шекарашы сарбаздарға табыс тіледі. 

 

Хабарламаларға жазылу