Астанада Алматы ауданының Ардагерлер кеңесі жанынан зейнеткерлерге арналған «Сәния» шағын демалыс орталығы ашылды.
Мұнда қариялар демалыс уақыттарын шахмат, дойбы ойнаумен, орталық жанынан ашылған кітапханада кітап оқумен өткізе алады. Қарттардың сауықтыру гимнастикасымен шұғылдануына да мүмкіндік жасалған.
Сонымен қатар, орталықта қыз балаларды тоқу, іс тігу, ас мәзірлеуге үйретіп, жастарды дәстүрлі тәрбиеге баулу жоспарланып отыр, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.