«Саутгемптон» «Сандерленд» қақпасына 8 гол соқты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Саутгемптон» «Сандерленд» қақпасына 8 гол соқты

19.10.2014
«Саутгемптон»  «Сандерленд» қақпасына 8 гол соқты

Англия Премьер-лигасының 8-ші турында «Саутгемптон» өз алаңында «Сандерланд» командасын қабылдап, 8:0 есебімен ойсырата ұтты.

Жеңімпаздардың сапында екі голды қыркүйек айында Премьер-лиганың үздік футболшысы атанған италиялық Грациано Пелле соқты.

Өткен жазда «Саутгемптон» негізгі ойыншыларының барлығын сатты. Тек қана Морган Шнайдерлин ғана қалды. Адам Лаллана, Калум Чемберс, Рикки Ламберт, Деян Ловрен, Ю Люк Шоу және бас бапкер Маурисио Почеттино кетті.

Осы сәтте команданы қабылдап алған  нидерландтық маман Роналд Куман барлығын жаңадан бастады. Жаңа команданы жасақтау сәтті шықты. Қазіргі «Саутгемптон» өткен сегіз жыл бұрынғы маусымға қарағанда ерекше ойын үлгісін көрсетті.

Бірінші таймда «Саутгемптон» үш гол соқты. Оның үстіне бір голды «Сандерленд» ойыншысы Сантьяго Верджини өз қақпасына енгізді.

Алғашқы 45 минутта ойын аяқтағандай еді. Бірақ, алаң иелері екінші таймда қонақтардың қақпасына тағы бес гол соғып, 16 ұпаймен турнир кестесінде үшінші орынға шықты.

Сербиялық  Душан Тадич тамаша матч өткізді. Төрт рет нәтижелі пас беріп, бір голдың авторы атанды.

Сенбі күні өткен қалған ойындардың ішінен «Челсидің» кезекті жеңіс атап өтуге болады. Лондондық клуб сырт алаңда «Кристалл Пэлластан» 2:1 басым түсті. Гол авторлары – Оскар мен Фабрегас.

«Арсенал» тағы да жанкүйерлерін ренжітіп алды. Арсен Венгер шәкірттері өз алаңда «Халл Ситимен» 2:2 есебімен тең түсті.

«Бернли» - «Вест Хэм» - 1:3. «Эвертон» - «Астон Вилла» - 1:0.

Фото: premierleague.com

Хабарламаларға жазылу