Геннадий Головкин жеңіске жетсе, миллион доллар олжалайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий Головкин жеңіске жетсе, миллион доллар олжалайды

18.10.2014
Геннадий  Головкин жеңіске жетсе, миллион доллар олжалайды

Кәсіпқой бокстан WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин  мексикалық Марко Антонио Рубиомен  жекпе-жекте өз спорттық мансабындағы ең мол қаражатқа ие болмақ, деп хабарлады Vesti.kz.

Атап айтқанда, комиссиялық алымдарды төлегеннен кейін, қазақстандықтың қолына  900 мың доллар тиесілі болады, ал Рубио қажетті салмақтан асып түскендіктен, 450 мың доллардың орнына 350 мыңды қанағат тұтатын болды.

Кездесуді 19 қазан күні «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы (08.00) мен «KAZsport» телеарнасы (07.00) тікелей эфирде көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу