Дұрыс тамақтану тәртібі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дұрыс тамақтану тәртібі

18.10.2014
Дұрыс тамақтану тәртібі

Тамақтану тәртібі – ас қабылдауда белгілі бір уақытқа бағыну, сондай-ақ, тамақтану кезінде астың мөлшерін және мәзірін сақтау деген ұғымды білдіреді. Тамақтану режиміне мына төмендегі принциптер енеді.

Бірінші, тамақтану барысында тәуліктік кесте белгілеу.

Екінші, тәулігіне бір-екі рет қана тамақтану дұрыс емес, белгілі мөлшерде үш  немесе төрт рет тамақтану керек.

Үшінші, тамақ құнарлы болғаны жөн. Себебі, адам ағзасы дұрыс қабылдайтын, оны асқазан еш қиындықсыз қорытатын тағам түрлері, яғни белок, майлар, витаминдер, минералды заттарға бай болғанын адам өзі таңдай алуы шарт.

Ал, сіз дұрыс  тамақтану тәртібін білесіз бе? Бүгін ережесіз жекпе-жектен Әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Ардақ Назаров «Ас болсын!» хабарында қонақта. Спортшы дұрыс тамақтану хақында кеңесімен бөліспек.  Бүгін Ұлттық арнадан 10.35-те көріңіз.

Хабарламаларға жазылу