Атырау облысында жыл соңына дейін 37 тұрғын үй пайдалануға беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында жыл соңына дейін 37 тұрғын үй пайдалануға беріледі

17.10.2014
Атырау облысында жыл соңына дейін 37 тұрғын үй пайдалануға беріледі

2014 жылдың соңына дейін Атырау облысында республикалық және жергілікті бюджет қаражатына 37 тұрғын үй салынады. 

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов мәлім етті.

«Облыста «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы бойынша жергілікті бюджет қаражатына 118 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 2 148 пәтері бар 37 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Олардың алтауы қазірдің өзінде беріліп қойды. Қазіргі кезде жас отбасыларға 234 пәтер берілсе, жыл соңына дейін тағы  180  отбасы баспаналы болады», - деді ол.

Әкімнің айтуынша, жыл басынан бері 96 балалар үйінің тәрбиеленушісі пәтерлі болды, ал тағы 100 адам жыл соңына дейін баспанаға ие болады. Сонымен қатар, апатты жағдайдағы үйлерде тұрып жатқан отбасыларға 90 пәтер беріледі.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу