19 қазан – Құтқарушылар күні. Осыған орай «Таңшолпанда» полковник, Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Ибрагим Дәукесұлы қонақта болды.
«Республика бойынша осы күнге сәйкес әртүрлі іс-шара ұйымдастырылуда. Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті басшысы әріптестеріне кәсіби мерекелерімен құттықтап, қызметтік міндеттерін адал атқарған азаматтарға төсбелгі мен алғыс хат табыс етті. Бізде 2 мыңға тарта адам қызмет етеді. Оның ішінде Азаматтық қорғаныс, өртке қарсы қызмет, су қауіпсіздігі қызметі, әскери қызмет, құтқарушылар және тағы басқалар бар»,-дейді полковник.
«Апатқа қарсы дайындық бізде күнде өткізіледі. Астанамыз көркейіп келе жатыр. Соған сәйкес біздің де халықтың саны да артуда. Біздің бөлімшелер де заманауи техникамен жабдықталып, министрліктің, қала әкімдігінің тапсырмасы бойынша, оқу-жаттығулар өткізілуде. Қызметкерлеріміздің денсаулығы мықты болуы шарт. Себебі, өртке қарсы қызметтегі бір құтқарушының құрал-жабдықтары 20-25 келі болады. Мұндай салмақпен бірнеше қабатқа көтерілудің өзі қиын»,-дейді Ибрагим Дәукесұлы.
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіз.