Алматыда мың оқушыға құрал-жабдық табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда мың оқушыға құрал-жабдық табысталды

26.08.2022

Алматы қалалық білім басқармасы мен қайырымдылық қоғамдық қоғамдық өкілдері бірігіп мың оқушыға мектепке арналған жабдықтар табыстады.

«Мектепке жол» акциясы аясында тағы мың балаға қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған сөмкелер беріледі. Бұған дейін жағдайы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан бес мыңға жуық оқушыға әлеуметтік көмек көрсетілген еді. Бұл балалардың қатарынан қалмай, сабағын алаңсыз оқуына сеп болады дейді ұйымдастырушылар.

Қасым Қасабеков, қоғамдық қор директоры:

Бұл сөмкелер құрыл жабдықтармен толық қамтылған. Әр балаға жарты жылға жететіндей құрал бар. Дәптер, өшіргіш, бөтелке, суға дейін қарастырылған.


Хабарламаларға жазылу