14 қазан күні Бішкектің Токтогұл Сатылғанов атындағы ұлттық филармонияда Токтогұл Сатылғановтың 150 жылдығына орай тоғызыншы халықаралық ақындар айтысы өтті. Бұл туралы Қырғыз Республикасы Мәдениет, ақпарат және туризм министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Екі күнге созылған байқауға Қазақстан мен Қырғыз елінен 16 ақын қатысты.
Қазақстаннан Балғынбек Имашев, Бөрібай Оразымбетов, Серік Қалиев, Айбек Қалиев, Нұрмат Мансұров, Ержеңіс Әбдиев, Екпін Советхан, Тоба Өтепбаев сынды дүлдүлдер шықты.
Ал, Қырғыз елінің атынан Аалы Туткучов, Женишбек Жұмақадыр, Элмирбек Иманалиев, Болот Назаров, Идрис Айтбаев, Азамат Болгонбаев, Кубат Тукешов, Амантай Құтманалиев сияқты ақындар бақ сынасты.
Байқау нәтижесі бойынша, бас жүлде Балғынбек Имашев пен Элмирбек Иманалиевға бұйырды. Бірінші орын Айбек Қалиев пен Аалы Туткучов (400 мың сом) алды. Ал, екінші орынды Нұрмат Мансұров пен Жеңишбек Жұмақадыр (250 мың сом) алса, үшінші орынды Серік Қалиев пен Амантай Құтманалиев (150 мың сом) еншіледі.
Сонымен қатар, тағы төрт ақынға 40 мың сом көлемінде ынталандыру сыйлығы берілді.