«Алтайым – алтын бесігім» айтысының бас жүлдесін Балғынбек Имашев иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алтайым – алтын бесігім» айтысының бас жүлдесін Балғынбек Имашев иеленді

16.11.2014
«Алтайым – алтын бесігім» айтысының бас жүлдесін Балғынбек Имашев иеленді

15 қараша күні Өскеменде «Нұр Отан» партиясының және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Алтайым - алтын бесігім» республикалық айтыс мәресіне жетті. 

Бұл айтысқа Балғынбек Имашев, Нұрлан Мұсаев, Қайнар Алагөзов, Асхат Қылышбек, Серікзат Дүйсенғазы, Серік Қуанған, Рауан Қайдаров, Манарбек Сатыбалдин, Айнұр Тұрсынбаева, Мұхтар Ниязов, Серік Құсанбаев, Асылан Ғафуров сынды сөз шеберлері қатысты.

Ал, қазылар алқасының төрайымы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Оразкүл Асанғазы болса, оның алқасының құрамына сатирик, ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Көпен Әмірбек, ақын, «Асыл арна» телеарнасының бас директоры Мұхамеджан Тазабек, филология ғылымдарының кандидаты Бауыржан Ерденбек және ақындар мектебінің жетекшісі, ақын Дәмеш Омарбаева енді.

Дүбірлі додада 2 миллион теңге көлеміндегі бас жүлдені Балғынбек Имашев иеленді. Бірінші орынды (1 250 000) Мұхтар Ниязов пен Айнұр Тұрсынбаева бөлісті. Екінші орынды Нұрлан Мұсаев (750 000 теңге) алды.

Ал, «Ақындар мен жыршы-термешілердің» халықаралық одағының 100 000 теңге көлеміндегі арнайы сыйлығы Серік Қуанғанға табысталды.

Сондай-ақ, жыр сайысына қатысқан әр ақынға 350 000 теңгеден сыйақы берілді.

kazaitys.kz.

Хабарламаларға жазылу