Астанадан 11 спортшы Пара-Азия ойындарына аттанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадан 11 спортшы Пара-Азия ойындарына аттанды

16.10.2014
Астанадан 11 спортшы Пара-Азия ойындарына аттанды

18 қазанда Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында Пара-Азия ойындары басталады. Биыл Қазақстан құрамасына 84 мүмкіндігі шектеулі спортшы енді. Олар тоғыз спорт түрінен (садақ ату, атлетика, дзюдо, пауэрлифтинг, оқ ату, жүзу, үстел теннисі, отырып ойнайтын волейбол, арбамен билеу) бақ сынайды. Жалпы, жарысқа әлемнің 40 жуық елінен 4800 спортшы қатысады, деп хабарлайды елорданың ресми сайты. 

Пара-Азия ойындарына Астанадан мүмкіндігі шектеулі 11 спортшы аттанды. Олар үш спорт түрінен бәсекеге түседі. Жүзуден Михаил Еременко, Сиязбек Далиев, Әнуар Ахметов, Әлібек Уақпаев, Диана Сүтпаева мен Надежда Ли қатысса, жеңіл атлетикадан Бейбарыс Болатов пен Мадина Балқожаева жүлдеге таласады. Ал, арбамен билеуде Ардақ Отарбаев, Қарлығаш Тынабекова пен Айдана Бегленова өз өнерлерін көрсетеді.  

Айта кетейік, Пара-Азия ойындары 24 қазанда аяқталады.

Хабарламаларға жазылу