Сырым ауданының үш ауылы газбен қамтылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сырым ауданының үш ауылы газбен қамтылды

16.10.2014
Сырым ауданының  үш ауылы газбен қамтылды

Елбасы тапсырмасына сәйкес, Батыс Қазақстан облысында газдандыру ісі жалғасын табуда. Кеше Сырым ауданының Қособа, Жетікөл және Сарой ауылдық округтеріне «көгілдір отын» жеткізілді. Осыған орай ауылдарда табиғи газ алауын жағу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Салтанатты рәсімдерге облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Рыспай Өтешев қатысты.

Айта кетейік, қазіргі таңда аудан тұрғындарының газбен қамтылуы 61,5 пайызға жетті. Сондай-ақ, тағы 10 елді мекенге 189 шақырым газ құбыры тартылмақ. Ауданды толық газдандыру ісі 2017 жылы аяқталады. 

Хабарламаларға жазылу