Ақтөбе облысындағы Аралтөбе және Жазық ауылдары газбен қамтылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысындағы Аралтөбе және Жазық ауылдары газбен қамтылады

18.07.2018

Биыл Ақтөбе облысына қарасты Әйтеке би ауданының Аралтөбе және Хромтау ауданының Жазық ауылдары табиғи газбен қамтамасыз етіледі. Ал, алдағы екі жылда жеті мыңнан астам тұрғыны бар тағы 11 елді мекенге көгілдір отын тартылады. Облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, халқының 88 пайызы газбен қамтылған Ақтөбе өңірінде ауылдарға газ тарту жұмыстары одан әрі жалғаса бермек. Бұл үшін құны 6,4 миллиард теңге болатын 19 жоба дайын.

Дастан Аманов, облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы:

- Тұрғындарды газбен қамтуға байланысты биылдың өзінде үш жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Сөйтіп, мыңнан аса тұрғыны бар Әйтеке би ауданының Аралтөбе, Хромтау ауданының Жазық ауылдарына көгілдір отын жеткізіледі. Нәтижесінде, облыс халқының 88,1 пайызы қамтылатын болады.

 

Жұлдыз АЛМАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу