Төлеген Қуанышевтың «Із қалдырған белестер» атты кітабы жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Төлеген Қуанышевтың «Із қалдырған белестер» атты кітабы жарық көрді

16.10.2014
Төлеген Қуанышевтың «Із қалдырған белестер» атты кітабы жарық көрді

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бірінші шақырылымының депутаты, қоғам қайраткері Төлеген Қуанышевтың «Із қалдырған белестер» атты кітабы жарық көрді.

Әр адамның өмірінен, еңбек жолынан үлгі-өнеге алуға болады. Бұл кітапты жазудағы мақсат осындай ой-тұжырымнан туған.

«Алғашқыда өзім жазып шығара алар ма екенмін деген күдіктің болғанын жасыра алмаймын. Бірақ «көз - қорқақ, қол - батыр» дегендей, алға қойған мақсатымды орындаған сияқтымын», - дейді Т.Қуанышев.

Айта кету керек, Мәжілістің алғашқы шақырылымының депутаты ретінде Төлеген Қуанышев Тәуелсіз еліміздің ұлттық заңнамасының негізін қалаушылардың бірі, «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының авторларының бірі, қоғам қайраткері, ана тілдің жанашыры, ұлттық спорттың жанкүйері.

Бұл кітапта автордың баспасөз беттерінде жарық көрген еңбектері, балалық, жастық, студенттік шақтарының, сонымен бірге есейген кездегі өмірінің сәттері бейнелеген суреттер қамтылған.

Еліміздегі парламентаризмнің дамуы туралы ойлар да ортаға салынған.

Хабарламаларға жазылу