XIV ғасырдағы Алтын Орда қонысы табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

XIV ғасырдағы Алтын Орда қонысы табылды

15.10.2014
XIV ғасырдағы Алтын Орда қонысы табылды

Ресейдің Саратов облысында археологтар жуырда табылған  Алтын Орда дәуірінің қонысына қазба жұмыстарын бастады. Экспедиция басшысы Дмитрий Кубанкин хабарлағандай, бұл мекен XIV ғасырдағы көшпелі елдің тұрағы болуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алтын Орда қонысын, оның ішінде жақсы сақталған орынды табу аса сирек кездесетін сәттілік. Ірі қалаларға қарағанда мұндай мекендердің сақталып қалуы неғайбыл», - дейді ол.

Қазба орындарынан XIV ғасыр ортасындағы тиындар мен ыдыс-аяқтар табылды. Бұл орын жақын жерде орналасқан ірі алтынордалық Үкек қаласымен тікелей байланысты болуы әбден мүмкін, деп санайды археологтар.

Хабарламаларға жазылу