Бала кезінен домбыраны жанына серік етіп, жиырма жылдан астам уақыт аралығында айтыс өнерінде қара сөзден қамшы өрген, талай республикалық жыр додаларда топ жарған арқалы ақын Серікзат Дүйсенғазиннің есімі көпшілікке мәлім.
Ол – айтыс өнері мен жазба жырды қатар алып, талай шәкірт тәрбиелеген ұстаз. Бүгін Ұлттық арнадан 21.55-те ақынның «Перзент тілегі» атты шығармашылық кешін көріңіз.
Біздің анықтама:
Серікзат Дүйсенғазин - 1974 жылы 8 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Аякөз ауданы, Тарбағатай ауылында дүниеге келген. Айтыс ақыны ретінде алғашқы қадамын 1990 жылдан бастады.
1993 жылы Семей облысы Ақсуат ауданында өткен Боранбай бидің 300 жылдығына арналған Республикалық айтыста 2-орын;
1998 жылы Ш. Құдайбердіұлының 140 жылдығына арналған Республикалық ақындар айтысының арнайы жүлдегері;
2003 жылы Аякөз қаласында өткен халық ақыны Төлеу Көбдікөвтың 130 жылдығына арналған Республикалық ақындар айтысының бас жүлдегері;
2006 жылы Қорғалжында өткен «Қорғалжын – құтты мекенім» атты Республикалық ақындар айтысының бас жүлдегері;
2006 жылы Астана қаласында өткен «Туған тілім – тұғырым» атты Республикалық ақындар айтысының 2-орын жүлдегері;
2008 жылы Қарағанды облысында өткен Бұхар Қалқаманұлының 340 жылдығына арналған Республикалық ақындар айтысының 3 орын жүлдегері;
2009-2010 жылдары астана қаласының туған күніне арналған Республикалық айтыстың 2-орын иегері атанды.
Тағы басқа отыздан аса республикалық, халықаралық айтыстарда ел қошеметіне бөленді.