Батыстың бұқаралық ақпарат құралдары Голливуд актері Джордж Клунидің саясат турасында шындап ойлана бастағанын жазуда. Ол 2020 жылы өтетін АҚШ президенті сайлауында бағын сынап көрмекші.
Клуни бұған дейін президент Барак Обамаға қолдау көрсетіп, белсенділік танытқан еді. Оның саясаттағы жолын алдымен губернаторлықтан бастамақ ойы бар.
Айта кету керек, актердің саясаттан аздап «тәжірибесі» де бар. Ол «Мартовские иды» фильмінде АҚШ президенттігіне үміткер губернатордың рөлін сомдаған. Сондай-ақ, бұл фильмнің режиссері де өзі.
Фото: splash/alloverpress