Абдулқайым Кесіжі: Фестивальдің маңыздылығы – жастарға арналуы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абдулқайым Кесіжі: Фестивальдің маңыздылығы – жастарға арналуы

10.10.2014
Абдулқайым Кесіжі: Фестивальдің маңыздылығы – жастарға арналуы

Елімізде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен халықаралық фестиваль өткізілді. Осыған орай  Еуропа Қазақ қауымдастығының төрағасы,  саясаттану ғылымдарының докторы Абдулқайым Кесіжі мен Кельн қаласынан Қазақ мәдени орталығының төрағасы Ерол Шұғаев «Таңшолпанда» қонақта болды.

«Фестивальдің маңыздылығы – жастарға арналған. Мақсаты – шетелдегі қазақ диаспорасының басын қосып, оларды атамекенге тарту. Фестиваль салт-дәстүр, мәдениетті қандастармен бөлісу үшін, жас ұрпаққа соларды көрсету үшін ұйымдасырылып отыр. Шара барысында сурет өнерінен, ән өнерінен түрлі сайыс болды»,-дейді Абдулқайым Кесіжі.

«Мұндай шаралардың атамекенде жалғасын табуын қалаймыз. Ұйымдастырушылар бұл шараны дәстүрлі түрде өткізіп тұру ойлары бар екен айтты. Бұл – шетелдегі жастар үшін өте маңызды»,- дейді ол.   

«Германияның қазақтар көп шоғырланған жері – Кельн қаласы. Ол жерде біз қазақтығымызды, тілімізді сақтап қалу үшін Қазақ мәдени орталығы атынан қоғам құрғанбыз. Сол қоғам жыл сайын қазақтардың басын қосып, жастарды ұлтын, тілін, дәстүрін ұмытпауға баулимыз»,-дейді Кельн қаласы Қазақ мәдени орталығының төрағасы Ерол Шұғаев.

«Біздің жастарымыз көбіне неміс тілінде сөйлегенімен, қазақ тілін үйренуге ниетті. Қонақ шақырғандағы, табақ тартқандағы жоба-жоралғыны жастарымыз жақсы білмесе де, үлкендерді сыйлау жағынан жақсы. Қазақтың салт-дәстүрінде сәл өзгерістер болғанымен, біз сақтап келеміз»,-дейді ол.

Сұхбаттың толық нұсқасы «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу