«Биыл демалысты басқа жерде емес, атамекенде өткізуді жөн көрдік» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Биыл демалысты басқа жерде емес, атамекенде өткізуді жөн көрдік»

20.08.2014
«Биыл демалысты басқа жерде емес, атамекенде өткізуді жөн көрдік»

Өркениет өркен жайған Еуропа біздің ел үшін де бөтен емес. Өткен ғасырдың зобалаң жылдарында тарыдай шашырап кеткен қазақ халқының көптеген мемлекеттерде этникалық өкілдері тұрады. Соның үлкен бір бөлігі Еуропаға қоныстанған. Бүгінде осы елдерден тұрақ тапқан қазақтардың өзара байланысы бары қуантады.

Жақында Еуропа қазақ қоғамдары федерациясының төрағасы, саясаттану ғылымдарының  докторы Абдулқайым Кесіжінің отбасы Астана, Көкшетау, Шымкент, Түркістан қалаларын  аралап шығып, енді Алматыға арнайы келді.

Еуропа қазақ қоғамдары федерациясын басқаратын қандастың мақсаты – жыр алыбы Жамбылдың рухына тағзым етіп, ақын мұражайымен танысу.

«Шетелдегі қазақтардың атажұртта, атамекенде демалуы дәстүрге айналсын деген оймен осы сапарды өзіміз бастадық. Биыл демалысымызды басқа жерде емес, атамекенде өткізуді жөн көрдік.  Сол арқылы балаларымыз да атажұртын, мәдениетін, салт-дәстүрін біліп қайтсын деген ниетпен келдік»,-дейді Абдулқайым Кесіжі.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу